Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың назарына

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың назарына

"Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілді:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9 және 10-жолдармен толықтырылды:

7.Ауылдағы объектілер құрылысы саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар – құрылысшылар (біліктілігі жоқ), жұмысшылар (құрылыс/жөндеу)

8.Құрылыс саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар – жұмысшылар (құрылыс/жөндеу)

9.Абаттандыру саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (қар тазалау, аумақты тазалау)

10.Қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (даяшылар, сатушылар)