
📌 Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында:
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен облыс әкімі аппаратының цифровизацияны дамыту және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп,
🏢 Ақтау қалалық және Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандарына
🧾 «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу”мемлекеттік қызметі бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді.
⚙️ Жұмыс барысында:
💻 ақпараттық жүйелердегі қызмет көрсету процестері зерделенді;
⚖️ нормативтік-құқықтық актілердегі құқықтық қайшылықтар анықталды;
📊 қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар қалыптастырылды.
📬 Анықталған мәселелер мен ұсыныстар жоғары тұрған уәкілетті органға жолданатын болады.