
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиыны өтті.
Жиын барысында, Басқарма және оған қарасты Еңбек мобильдігі орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің есептері тыңдалды.
Жиын барысында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен кері байланысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударуды және мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындаған мәселелерді мерзімінде шешуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.