Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беретін мүгедектігі бар адамдардың назарына!

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беретін мүгедектігі бар адамдардың назарына!

Мүгедектігі бар адамдар жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен  және қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты — мүгедектігі бар адамдардың жеткізушілермен тікелей өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтерді еркін таңдау құқығын беру.

Мүгедектігі бар адамдар Порталда орналастырылған сипаттамаға, бейнелерге және шарттарға сәйкес ұсынылатын тауардың және көрсетілетін қызметтің (сипаттамасы, маркасы, функционалдық параметрлері, жарамдылығы) сәйкестігін мұқият тексеруі қажет.

Егер жеткізілген тауар тапсырыстың сипаттамасына сәйкес келмесе, алушы оны қабылдаудан бас тартуға және басқа жеткізушіні таңдауға құқылы.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес, алушы сәйкессіздіктер анықталған жағдайда тауарды             14 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға құқылы.

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалту техникалық  құралдары (ОТҚ) және кресло-арбалардың жаңа болуы, пайдаланылмаған болу керек, сондай-ақ үшінші тұлғаларға сатуға немесе беруге болмайды.

Мүгедектігі бар адамдар шартта көрсетілген талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Егер Сіз жеткізушінің өз міндеттемелерін бұзуы туралы фактілерді байқасаңыз (міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау, тауарлар мен қызметтерді ұсыну үшін қосымша талаптар қою, жарнамаларды, акцияларды, қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақыларды орналастыру), Порталда тиісті ақпаратты, шағымды орналастыруға құқылысыз (тауарды жеткізудің кез келген мәртебесінде шағым жазуға немесе пікір қалдыруға болады).

Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтау, бөгде тұлғаларға ЖСН мен жеке деректерді, SMS-кодтарды, жеке кабинет паролдерін бермеу қажет.

Күдікті қоңыраулар, хабарламалар немесе ұсыныстар түскен жағдайда 1414 ресми қолдау қызметіне, сондай-ақ қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну ұсынылады.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарын және қызметтерді тапсырыс беру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарт талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.