
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы ушін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығына толықтырулар енгізіліп, маусымдық шетелдік жұмыскерлердің кәсіптер тізбесі 7, 8, 9 және 10 жолдарымен толықтырылды.
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптер тізбесінің 7) тармақшасын қоспағанда, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.