«Отбасының цифрлық картасы» АЖ дағдарысты (Д), шұғыл (Е) деңгейдегі отбасылар санын төмендету мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың орындалысы жөнінде жиналыс өтті

«Отбасының цифрлық картасы» АЖ дағдарысты (Д), шұғыл (Е) деңгейдегі отбасылар санын төмендету мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың орындалысы жөнінде  жиналыс өтті

2025 жылдың 18 қараша күні «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі дағдарысты (Д), шұғыл (Е) деңгейдегі отбасылар санын төмендету мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың орындалысы жөнінде zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.
Жиналысқа облыстық білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы орынбасарлары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандар мен қалалар, салалық басқармалар тарапынан Д (дағдарысты) және Е (шұғыл) санатындағы отбасыларды азайту бойынша өңірлер мен салалардың ағымдағы жұмыстары мен өзекті мәселелері қаралды.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі отбасылардың әл-ауқат деңгейін талдау категориялары бойынша отбасылармен жұмыс істеу, ақпараттық-анализдік жүйелерді күшейту бойынша мәселелер талқыланды.