Маңғыстау облысының оңалту саласының мамандары Беларусь Республикасында тәжірибе алмасу іссапарын сәтті өтіп қайтты

Маңғыстау облысының оңалту саласының мамандары Беларусь Республикасында тәжірибе алмасу іссапарын сәтті өтіп қайтты

Маңғыстау облысының оңалту саласының мамандары Беларусь Республикасында тәжірибе алмасу іссапарын сәтті өтіп қайтты.

Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық қозғалысы жүзеге асырып жатқан «Тең мүмкіндік» – жұлын жарақаты бар науқастардың мектебі әлеуметтік жобасы бойынша өңірлік оңалту мамандары Беларусь Республикасында ұйымдастырылған кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысып, бірқатар озық практикаларды меңгерді.

Сапар барысында қазақстандық мамандар Беларусь оңалту жүйесінде қолданылатын заманауи технологиялармен, мультидисциплинарлы тәсілдермен және пациентке бағытталған қызмет көрсету модельдерімен жан-жақты танысты. Әсіресе жұлын жарақаты бар азаматтарды ұзақ мерзімді оңалту, физиотерапия мен эрготерапияның біріктірілген әдістері, психоәлеуметтік қолдау тетіктері ерекше назар аудартты.