Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері және үздік әлеуметтік жоба" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері және үздік әлеуметтік жоба" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Астана қаласында өткен әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орай "Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ" форум аясында "Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері және үздік әлеуметтік жоба" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Форумға конкурстың өңірлік жеңімпаздары қатысты.
Атап айтқанда:
- "Үздік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері" номинациясы бойынша - Актау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Тынышбаева Айшолпан Нұрғазықызы;

- "Үздік үйден қызмет көрсету ұйымының әлеуметтік қызметкері" номинациясы бойынша Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері - Қожабетова Айнагүл Кенжебекқызы;

- "Үздік педагог" номинациясы бойынша басқармаға қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ортылығының қызметкері - Кунебаева Зинеп Қолдасбайқызы;

- "Мансап орталығының үздік қызметкері" номинациясы бойынша Еңбек мобильдігі орталығының қызметкері - Алдоңғаров Нұрсұлтан Сатыбалдыұлы.