"Ерен еңбегi үшiн" медалiмен марапатталды

"Ерен еңбегi үшiн" медалiмен марапатталды

2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орай "Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ" халықаралық форумы өтті.

Форум барысында әлеуметтік-еңбек саласының ардагерлері, аумақтық департаменттердің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері т.б. мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Оның ішінде "Ерен еңбегi үшiн" медалiмен басқармаға қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Нұрлаева Амангүл Келдібайқызы және Жаңаөзен қаласының үйден арнаулы қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері Байбақтиева Ақбілек Тынышбекқызы марапатталды.

Әріптестерімізді мемлекеттік наградаларымен құттықтаймыз!