
Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Халық партиясы Маңғыстау облысы филиалы төрағасының орынбасары А.Телегенова мен Еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Қ.Колхозов басқармаға қарасты №2 және №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына барып партияның алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай, аталған орталықтарға басқарма басшысының алғыс хаттарын табыстады.