Өңірлік "Парыз" конкурсының жеңімпаздары

Өңірлік "Парыз" конкурсының жеңімпаздары

ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы (Бұдан әрі - Конкурс) белгіленді. Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталып, жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен таратылуы бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша халықты жаппай ақпараттандыруға арналған.

Конкурс «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинацияларынан тұрады.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «ТрубРемЦентр» ЖШС мекемесі шағын кәсіпкерлік субъектісі конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды. Аталған кәсіпорын қызметін 2002 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Саласы механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Dunga Operating GMbH» компаниясы ірі кәсіпкерлік субъектісі конкурсқа қатысып жеңімпаз атанды.

Қызметін 1994 жылдан бері жүзеге асырып келе жатыр. Саласы-мұнай мен газ өндіру.

Жоғарыда аталған кәсіпорындар конкурстың талабына сай таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған. Еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектері жоқ. Қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлерінің күніне орай «Әлеуметтік қорғау жүйесі: халық игілігі жолындағы қызмет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға облыс әкімінің орынбасары А.Өрісбаевпен әлеуметтік сала өкілдері қатысты. Аталған шарада «ТрубРемЦентр» ЖШС және «Dunga Operating GMbH» компаниясы облыс әкімінің грамотасымен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.