
«Еңбек жолы» конкурсы (Бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасында еңбек адамының ролін көтеру, еңбекке құрмет көрсету, ұрпақ сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау сонымен қатар еңбек қатынастарын дамыту мақсатында өткізілетін маңызды байқау.
Еңбек жолы конкурсы «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинацияларынан тұрады.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша теміржолшылар Коктоубаевтар әулеті конкурсқа қатысып, өңірлік кезеңнің жеңімпазы атанды. Әулеттің еңбек өтілі 252 жыл. Талапқа сай ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет. Еңбек әулетінде 14 адам осы темір жол қызметінде жұмыс атқарады. Коктоубаевтар әулетінің отбасылық ұраны-«Темір жолда темірдей қатты болу керек».
Әулет «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген тон пішер демекші» темір жол қызметін жалғастырып келеді.
Қазіргі таңда еңбек әулеті «Қазақстан темір жолында» ҰҚ АК қызмет атқарады.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлерінің күніне орай «Әлеуметтік қорғау жүйесі: халық игілігі жолындағы қызмет» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға облыс әкімінің орынбасары А.Өрісбаевпен әлеуметтік сала өкілдері қатысты. Мерекелік шарада конкурс жеңімпазы Коктоубаевтар әулеті облыс әкімінің грамотасымен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.