
Еңбек нарығында шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері ерекше назарда.
Іс-шара барысында қатысушыларға Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында жұмыс беруші компаниялардың өкілдеріне арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді.
Жаңа талаптар мен өзгерістер Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде қызмет алушы компаниялар бірқатар жаңартылған талаптарды сақтауы тиіс.
Ең басты өзгерістердің бірі – жұмыс беруші бос жұмыс орындарын жергілікті еңбек нарығында күнтізбелік 15 күн жариялау міндеті.
Бұл талаптың мақсаты – отандық мамандарды еңбекке орналастыруға басымдық беру және ішкі еңбек ресурстарын барынша тиімді пайдалану.
Егер көрсетілген мерзім ішінде тиісті біліктілікке ие отандық кандидат табылмаса, жұмыс беруші шетелдік маманды тартуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш бере алады. Сонымен қатар, түсіндірме барысында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бөлу тәртібі, рұқсат алу және ұзарту рәсімдері, жергілікті және шетелдік қызметкерлердің арақатынасы бойынша талаптар, шетелдік мамандарды заңды негізде тарту т.с.с мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар негізінде түсіндірмелер алды.