«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі атқарылып жатырған жұмыстардың орындалысы жөнінде zoom платформасы арқылы жиналыс өтті

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі атқарылып жатырған жұмыстардың орындалысы жөнінде zoom платформасы арқылы жиналыс өтті

2025 жылдың 10 қазан күні «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі Д, Е санатындағы отбасылар санын төмендету мақсатында атқарылып жатырған жұмыстардың орындалысы жөнінде zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.

Жиналысқа облыстық білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы орынбасарлары мен қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылары қатысты.

Күн тәртібінде аудандар мен қалалар, салалық басқармалар тарапынан Д (дағдарысты) және Е (шұғыл) санатындағы отбасылар санын төмендету бойынша атқарылып жатырған жұмыстары жөнінде мәселелер қаралды.

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі отбасылардың әл-ауқат деңгейін талдау категориялары бойынша бірқатар мәселелер анықталып, олардың шешу жолдары талқыланды.