Бірыңғай цифрлық платформасын енгізу бойынша практикалық міндеттерді іске асыру аясында жұмыс тобының жоспарланған жұмыс сапары ұйымдастырылуда

Бірыңғай цифрлық платформасын енгізу бойынша практикалық міндеттерді іске асыру аясында жұмыс тобының жоспарланған жұмыс сапары ұйымдастырылуда

2025 жылдың 6-7 қазан аралығында Маңғыстау облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бірлесіп Бірыңғай цифрлық платформасын енгізу бойынша практикалық міндеттерді іске асыру аясында жұмыс тобының жоспарланған жұмыс сапары ұйымдастырылуда.


Жұмыс сапары барысында 6 қазан күні облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаевтың жетекшілігімен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Ф.Сағындықтың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, цифрлық технологиялар басқармалары және мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаменті, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшылары қатысты.
Семинар барысында Бірыңғай цифрлық платформасын енгізудің практикалық қадамдары пысықталды.