Әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мониторинг жүргізді

Әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мониторинг жүргізді

2025 жылғы 8 шілде күні жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері Қарақия ауданы Құрық ауылында орналасқан “Аксон мед” ЖШС-нің санаторлық-курорттық емдеу орнына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында көрсетілетін қызметтердің сапасы, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алушылардың тіркелуі мен емделу үдерісі, сондай-ақ мекеменің материалдық-техникалық базасы мен санитарлық жағдайы қаралды. Комиссия мүшелері тарапынан қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.