Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылдың ІІ тоқсанында "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша қолданыстағы заң талаптарын, мемлекеттік қызметті алу жолдары туралы жұмыс берушілерге түсіндірме шараларын өткізді.
Аталған шарада «Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 197 бұйрығы талқыланды.
Басқарма басшысы Н.Телегенов өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының» 14-тармағына сәйкес, төртінші санат бойынша рұқсаттар берілген кезде жұмыс беруші алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде шетелдік жұмыскерлерді бірдей лауазымдарда қазақстандық азаматтармен алмастыруды жүзеге асыру туралы яғни, жұмыс беруші шетелдік маман тартқан жағдайда қазақстандық кадрларды оқыту немесе қайта даярлау бойынша міндеттемелері туралы атап өтті.
Кездесу барысында, Маңғыстау өңірінде жұмыссыздық мәселелері туралы талқыланып, Әлеуметтік кодекс шеңберінде мекемеде бос жұмыс орындары пайда болған жағдайда Басқарманы хабардар ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет бойынша ағымдагы жылдың 19 наурызы күні Басқарманың ұйымдастыруымен
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға руқсат беру және
ұзарту сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жузеге асыру
қағидалары мен шарттары туралы" мемлекеттік керсетілетін қызметі
бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңеске Мемлекеттік кызмет істері агенттігінін
Маңғыстау облысы бойынша департаменті, облыс әкімінін аппараты,
облыстык Полиция департаментінін Көші-қон қызметі басқармасы,
Маңғыстау облысынын білім саласында сапаны қамтасыз ету
департаменті және басқармасынын көші-қон мәселелері жөніндегі
бөлімінін өкілдері қатысты.
Семинар барысында аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
тікелей кездесетін мәселер және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар
талқыланды.
Корытындылай келе, жиынга катысушылар тарапынан айтылған
пікірлер, сондай-ак Облыстык полиция департаментінін көші-қон
қызметі басқармасынын және Мемлекеттік еңбек инспекциясы
комитетінін Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдерінін
жазбаша ұсыныстарын негізге ала отырып, мемлекеттік қызметті
көрсету үдерістерін жетілдіру бағытындагы бірқатар ұсыныстарды
тиісті жоғары тұрған органдарга жолдау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.