Маңғыстау облысында “Еңбек күшінің мобильділігін арттыру” республикалық форумы мен “Қоныс аудару” жәрмеңкелері өтеді

Маңғыстау облысында “Еңбек күшінің мобильділігін арттыру” республикалық форумы мен “Қоныс аудару” жәрмеңкелері өтеді

Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылғы 23-27 маусым аралығында облыс аумағында “Еңбек күшінің мобильділігін арттыру республикалық форумын және Солтүстік өңірлердің өкілдерінің қатысуымен “Қоныс аудару” жәрмеңкелерін өткізетінін хабарлайды.

🔹Бейнеу ауданы - 23.06.2025ж. сағ. 15:00
Бейнеу ауылы, Абыл мәдениет үйі

🔹Түпқараған ауданы - 24.06.2025ж. сағ. 10:00
Форт-Шевченко қаласы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі

🔹Маңғыстау ауданы - 24.06.2025ж. сағ. 10:00
Шетпе ауылы, Мәдениет үйі

🔹Жаңаөзен қаласы - 25.06.2025ж. сағ. 10:00
Жаңаөзен қаласы, Мұнайшы мәдениет үйі

🔹Мұнайлы ауданы - 25.06.2025ж. сағ. 15:00
Маңғыстау ауылы, Ф.Оңғарсынова атындағы мәдениет үйі

🔹Ақтау қаласы - 27.06.2025ж. сағ. 10:00
34 ш/а, Достық үйі