Шетпе ауылының әкімі сайланды.

Шетпе ауылының әкімі сайланды.
Шетпе ауылының әкімі лауазымына 8 қыркүйекте өткен сайлау қорытындысымен Айдос Шамғұлов сайланды.
Айдос Әділұлы 1988 жылы 1 маусымда Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009 жылы "Жебе" ЖШС жұмысшысынан бастап, 2011- 2018 жылдары аудандық жұмыспен қамту орталығында маман, 2018 - 2022 жылдары Ақшымырау ауылының әкімі, 2022- 2023 жылдары Маңғыстау ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, қоғамдық негізде Маңғыстау аудандық Мәслихатының VIII шақырылым депутаты, 2023 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін Маңғыстау ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

 

Әріптесімізге жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!

Құрметпен, Шетпе ауылы әкімінің аппараты