ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы #152 Жарлығымен бекітілген, "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен Шетпе ауылы әкімінің орынбасары қызметіне Жамелбеков Бекзат Жамелбекович тағайындалды.
Ол 1990 жылы 18 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2011-2015жж. Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясында инспектор;
2015-2019 жж. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде мемлекеттік инспектор;
Сондай-ақ, 2020 жылдан бүгінге дейін Маңғыстау ауданы, "Шетпе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келді.
Әріптесімізге жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!
Құрметпен, Шетпе ауылы әкімінің аппараты