Шайыр ауылдық округі әкімі лауазымына 2024 жылғы 18 ақпанда өткен сайлау қорытындысымен Амантаев Ақтілек Амантайұлы сайланды.
Амантаев Ақтілек Амантайұлы - 1993 жылы 5 қазанда Шайыр ауылында дүниеге келген. Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде "Кәсіптік білім", Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2017-2020 жылдары "Шайыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде инспектор, бас маман, 2020 жылы "Маңғыстау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған.
2020-2023 жылдары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің" Маңғыстау облысы бойынша департаментінде бас маман - заңгер кеңесшісі, 2023 жылдан осы кезге дейін "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және монитоингілеу бөліміінің бас маман қызметінде болған.
Ауыл әкімін таныстырған аудан басшысы Ғ.Ниязов жаңа әкімге ауылды дамытуға қарымды қызмет етуді тапсырса, ауылдастары жұмысына сәттілік тіледі.