«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды.
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Маңғыстау облысының аумағында агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылық және жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.