Ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті бірдейлендіру және оларды есепке алу
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру процедурасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде)
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:
1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беру;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес мәліметтерді дерекқорға енгізу;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беру.
8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, маралдар, шошқалар және тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар үшін);
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін);
4) электрондық бірдейлендіру тәсілі (маралдар үшін).
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Қазақстан Республикасы Занының 25-бабының 5-тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету жеке және заңды тұлғалардың міндеттеріне кіреді.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабының 9-тармағына сәйкес жануарларды сатып алу, ұрпақтарын алу, сою, сату және өлімі туралы ветеринарлық қызмет органдарына хабарламау, ескерту немесе жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 25, орта бизнес үшін – 50, ірі кәсіпкерлікке – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру мемлекеттік қызметін аудандық (қалалық) ветеринарлық станциялары мен ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық дәрігерлері жүргізеді.
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ветеринария» бөлімінің бас маманы М. Муханбетова.