2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы саласындағы микрокредиттер.

2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы саласындағы микрокредиттер.

2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы саласындағы микрокредиттер.

2021 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында, 2021 жылға 500 млн. теңге соммасында қаржы қарастырылған.

Қазіргі таңда, бөлінген қаражат толық 100 % игеріліп, 97 жобаға несие берілді. Нәтижесінде 124 жаңа жұмыс орын құрылды.

Сонымен бірге, осы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, қосымша 411 млн.теңге қаражат бөліну жоспарлануда, сәйкесінше 93 жобаға шағын несие беру жоспарда бар.

 Бұл ретте, несиелер Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2021 жылы Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін төмендегі қызмет түрлері көзделген.

 

1

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, техника және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету

2

Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, құс және балық шаруашылықтарын дамыту

3

Асыл тұқымды мал шаруашылықтар желісін құру (репродукторлар)

4

Мал бордақылау алаңдарын құру және дамыту

5

Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту, бордақылау және мал сою пунктерін ашу

6

Балық аулау, өсіру және балық өнімін өңдеу

7

Жылқымен салт жүруді үйрету қызметі

8

Мал азығы өндірісі (мал азығы дақылдар мен шөптерді өсіру), құрама жемге және пішіндемеге өңдеу

9

Ауыл шаруашылығы өндерін (сүт, ет, балық, тері, жүн) қайта өңдеу

10

Азық-түлік өнімдерін (ет және ұннан жасалған тағамдар т.б.) өндіру цехын ашу

11

Нан және ұннан жасалатын тағамдар, аспаздық өнімдерін және қоғамдық тамақтандыру өндірісі

12

Наубайхана ашу және дамыту

13

Қақтау, ыстау, өлшеп-орау, вакуумды буып-түю, ет, балық еттерін консервілеу

14

Қақаталған, ысталған жылқы етінен дайындалатын ұлттық ет тағамдарын, сүт өнімдерін, қымыз, құрт және т.б. өнімдерін өндіру

15

Ет, кулинариялық жартылай дайындалған тамақ өнімдерін өндіру

16

Сүт-тауарлы фермалар желісін құру және дамыту

17

Қымыз, шұбат, сүт өнімдерін өндіруді дамыту

18

Астықты терең қайта өңдеу

19

Астық жинау қоймасын құру және дамыту

20

Жеміс-көкөніс және ет, балық өнімдерін консервілеу

21

Көкөніс сақтау қоймасы желісін құру және дамыту

22

Жылыжай желісін құру және дамыту

23

Тамшылата суару жүйесін қолдана отырып өндіріс құру

24

Автокөлік қызметі (жүк және жолаушы тасымалы)

25

Автокөліктерді жөңдеу және сервистік қызмет көрсету орталығын ашу

26

Ауылшаруашылық арнайы техникасын сатып алу

27

Сүт таситын рефрижераторлар мен мал таситын көліктер сатып алу

28

Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету: қонақ үй кешені, химиялық тазалау (химчиска), кір жуу орындары, қоғамдық монша, ателье, аяқ киім және тұрмыстық техника бұйымдарын жөндеу, фото-бейне т.б. қызметтері

29

Турзимді дамыту (туристік кластер, демалыс аймағын дамыту, туристік объектілерде туристік инфрақұрылымды т.б. дамыту)

30

Мәдени көніл көтеру орталығын құру және дамыту (кино көрсету қызметі, клуб және шағын театрлар мен балалар ойын алаңдарын және т.б. ашу)

31

Арнайы білім беру, қайта даярлау орталықтарын ашу

32

Продюсерлік орталық және музыкалық дыбыс жазу орталығын ашу

33

Медициналық қызметтер (стационарлық, мобильді)

34

Фармацевтикалық қызметтер

35

Медициналық-косметикалық қызмет орталығын және сауықтыру-емдеу орталығын-ашу

36

Ветеринариялық қызмет

37

Жол бойындағы сервисті дамыту: сервистік станцияларды ұйымдастыру,  тамақтану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу пункттері

38

Типография қызметі

39

Тігін шеберханасын, сұлулық салонын, шаштараз ашу

40

Қолөнер өндірісі: ұлттық жиhаз бұйымдарын өндіру, тоқыма тоқу (себеттер, декор, бастапқы шикізатты теріні өңдеу, жүнді өңдеу т.б.)

41

Дәнекерлеу, монтаждау және сантехникалық қызметтерді көрсету

42

Пластикалық, темір жону (токарь), дәнекерлеу, ағаш бұйымдары, жиhаз және т.б. цехтарын ашу

43

Құрылыс материалдарын: цемент, бетон, тас, кірпіш, төселген плиталар және т.б. өндіру

44

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және қайта өңдеу

45

Айналым қаражатын толтыру

46

Сауда-саттық қызметімен айналысу

 

Қосымша сұрақтар бойынша келесі мекен-жайларға хабарласуға болады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Адрес: Актау қаласы, 29 ш/а, № 225 ғимарат, Энергия БО, 3-қабат, 302-кабинет.

Раб.тел.: 8/7292/ 599-196, 599-195.

Консультант:

  1. Кощиева Аида – 8 705 393 94 99

КТ «Мунайлы-несие»

Мекен-жай:    Актау қаласы, 29 ш/а,  №225 ғимарат  Энергия БО, 3-қабат, 309-кабинет.

Консультант:

  1. Маймакова Бакыт – 8 707 592 28 98

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

Адрес: Ақтау қаласы, 16 ш/а, бизнес центр «Қайсар», 2-этаж

Раб.тел: 8/7292/30-43-42