АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ

АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ

Бүгін түстен кейін облыс əкімдігінің кіші мəжіліс залында МО əкімдігі жанындағы агроөнеркəсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста аталмыш комиссия төрағасы Ғалымжан Мұқырұлы жəне комиссия мүшелерінің назарына инновациялық жобалармен қатар тың идеялар ұсынылды. Бұл жобалар қатарында "Ер күз" шаруа қожалығының "Өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға етті - майлы қойларды селекциялаудың жаңа әдістері" жəне де "Жану проблемалары институты" РМК өкілінің "Пиропатрондарды жасанды жауын - шашын шақыру" жобасы, сонымен бірге "Жаниш" шаруа қожалығы атынан "Маңғыстау облысында мал азығын дайындау оның ішінде жоңышқа егу, құм эспарцетін жəне кең табанды еркек шөбін егу" жобалары ұсынылды. Екі сағатқа созылған комиссия отырысының соңында тағы да ұсыныс пікірлер тыңдалып, жобаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы алдағы уақытта шешімдер қабылдау қажеттілігі туындады.

Баспасөз қызметі.