Облыстың қала және аудандарында кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңес тобы түсіндіру жұмыстарын өткізді

Облыстың қала және аудандарында кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңес тобы түсіндіру жұмыстарын өткізді
Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Ж.Тоқбаеваның бастамасымен және ауылшаруашылығы, инвестиция және туризмді дамыту басқармаларының, "Ауылшаруашылығын қолдау қоры" АҚ ӨФ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ МОФ, "Атамекен микроқаржылық ұйымы", жобалық кеңес өкілдерінен құралған жүрмелі кеңес тобы Мұнайлы ауданына барып қайтты.
Жүрмелі кеңеске Мұнайлы ауданының 80 - нен астам кәсіпкерлері қатысты. Басты мақсат - мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау болып табылады, атап айтқанда, "БЖК-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қарапайым заттар экономикасы, "Еңбек" бағдарламалары аясында субсидия, несиені кепілдендіру, микронесие алу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша жол картасының, инвестициялық жобаларды қолдау шаралары, ауылшаруашылығы саласындағы қолдау шаралары бойынша кәсіпкерлер өз бизнесін ашу жолындағы мүдделілік танытқан сұрақтарына жауаптарын алды.
Аталған жүрмелі кеңес апта сайынғы негізде одан әрі жалғасын таппақ.