Облыстың қала және аудандарында кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңес тобы түсіндіру жұмыстарын өткізді

Облыстың қала және аудандарында кәсіпкерлікті дамыту бойынша  кеңес тобы түсіндіру жұмыстарын өткізді

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастауымен облыстың қала және аудандарында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүрмелі кеңес тобы, яғни ауыл шаруашылық басқармасы, инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық жобалық кеңес, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ МОФ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ МОФ, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ МОФ, «Каспий» ӘКК» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жаңаөзен қаласы бойынша филиалы өкілдері ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Жаңаөзен қаласына таяу орналасқан «Нысан» чайхана» жол бойындағы сервистің мәселелерімен танысты. Одан әрі, сағат 10.40-тан бастап Жаңаөзен қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы» ғимаратында 100-ге жуық кәсіпкерлерге және кәсіп ашуға ниетті тұрғындарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру жұмыстарын өткізіп, кәсіп ашуға және кәсіптерін кеңейтуге бағыттады. Сонымен қатар, бүгінгі күнде карантиндік шараларға байланысты жұмыс тоқтатып тұрған кәсіпкерлерде сөз қозғады, атап айтқанда мейрамханалар жұмыс тоқтап тұрғанға наразы және егін егу бойынша да судың жетпеу мәселелері қозғалды.