Ақтөбе облысынан шөп әкелінді

Ақтөбе облысынан шөп әкелінді

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С. Қалдығұл мен Маңғыстау ауданы кәсіпкері М.Қармысовың ұйымдастыруымен Ақтөбе облысынан 16 автокөлікпен 716 рулон және 820 тук шөп әкелінді. Аталған мал азығы Маңғыстау ауданы бойынша Ұштаған, Онды ауылдарына 4 автокөлікпен 110 рулон және 300 тук шөбі жөнелтілді. Тұщықұдұқ ауылына 1 автокөлікпен 50 рулон, Жыңғылды, Тұщыбек, Шайыр ауылдарына 3 автокөлікпен 151 рулон шөп жіберілді және 2 автокөлікпен Түпқараған ауданынының Таушық ауылына -33 рулон, Ақшұқыр ауылына 19 рулон шөп жіберілді ал Қарақия ауданына 1 автокөлікпен 41 рулон шөбі жіберілді. Қалған мал азығы Маңғыстау ауданы Шетпе селосы орталығында сатылды.
Қазіргі таңда, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылының кәсіпкері «Сегізбай ата» қоймасында, 130 рулон шөбі сатылымда екенін хабарлайды.