МАҢҒЫСТАУДА ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДАЛҒАН МАЛ АЗЫҒЫ 67 330 ТОННАНЫ ҚҰРАЙДЫ

МАҢҒЫСТАУДА ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДАЛҒАН МАЛ АЗЫҒЫ 67 330 ТОННАНЫ ҚҰРАЙДЫ

МАҢҒЫСТАУДА ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДАЛҒАН МАЛ АЗЫҒЫ 67 330 ТОННАНЫ ҚҰРАЙДЫ.

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» ӘКК арқылы мал азығының 500 тонна қоры жасақталған. Қазір 235 тоннасы Жаңаөзен қаласы, Қарақия, Маңғыстау мен Түпқараған ауданына жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 350 тонна алдағы күндері жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев мәлім етті. Оның айтуынша, мал азығының бағасы 68 теңге. Жыл соңында болатын мәслихат сессиясынан қосымша жемнің қорын жасақтау үшін тағы 54 млн теңге қарастырылады.
«Биыл жердің қолайсыз, шабындыққа жарамсыздығына байланысты барлық көлемде шөптің көлемі – 34 971 тонна. Жергілікті 22 шөп шабу бригадасы еңбегінің арқасында жайылымдықтан 7770 тонна шөп шабылған. Қалған 27 201 тонна шөп өзге облыстардан тасылмалданды. Өзге облыстардан және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы – 32 359 тоннаны құрады. Бүгінгі күні, шаруашылық қоймасы мен тиісті қорларда – 10 723 тонна жем сақтаулы. Облыста жем қор жеткілікті және қол жетімді бағада сатылуда»,- деді МО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев.

МАЛ АЗЫҒЫ БАҒАСЫ
1 түк шөп бағасы 700-900 теңге. Рулон шөп бағасы 13 000 тг.
Жоңышқа 1500 теңге. 20 кг жемнің бағасы 1300 теңге (1 кг- 65 теңге).
Арпа- бидай қоспасы- 3000-3500 теңге. Бидай – 3800 теңге.

Мал азығы бойынша қала, аудандағы жауапты операторлардың байланыс нөмірі:
Маңғыстау ауданы – 87083703100 - Түпқараған ауданы – 87752136373
Қарақия ауданы – 87025616200 - Жаңаөзен қаласы – 87027980475

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ