🥛✨ Shubat Fest — ұлттық дәстүр мен ерекше атмосфера тоғысқан мереке! Шұбат — халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық сусыны ғана емес, атадан балаға жалғасқан дәстүріміздің бір бөлігі. 🤍 Іс-шара аясында шұбат өндірісі мен ұлттық дәстүрді дамытуға үлес қосып жүрген шаруа қожалықтарына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды. 👏🏻 Ұлттық тағамдар, әсем әуен, салт-дәстүр, өнер мен мәдениет тоғысып, фестиваль қатысушыларына ерекше көңіл-күй сыйлайды. 🇰🇿✨ Shubat Fest — ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, дәстүрімізді жаңғыртатын ерекше мереке!
