
Мониторинг жұмыстары жүргізілді ✅
2025 жылдың 23 желтоқсан күні Қызылтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан шағын дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның үстеме ақысы 15%-дан аспауы тиіс екені және тауар бағаларының көрнекі түрде көрсетіліп тұруы қажет екені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.