
♻️ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында ауылдық округі аумағындағы тұрғын үй және кәсіпкерлік нысан иелеріне ғимарат аулаларының тазалығын сақтау, сыртқы келбетін сырлау, әрлеу, тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай, Қызылтөбе ауылдық округінің кәсіпкерлерімен ауыл тұрғындары жоғарыда аталған акция аясында Өз меншігіңіздегі кәсіпкерлік нысандарыңызбен тұрғын үйлеріңіздің сыртқы келбетіне және қоршауларына (забор) абаттандыру жұмыстары, яғни сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, меншігіңіздегі ғимарат алдына автотұрақ орындарын тегістеу жұмыстарын жүргізіп, аумағыңыздың экологиялық-санитарлық тазалығын сақтауға шақырамыз!
Сонымен қатар, Кәсіп иелері өздерінің ғимараттарының қасбеттерін ретке келтіріп ұстамаса, айналасының тазалығын сақтамаса, жарықтандыру жұмыстарын ұйыдастырмаса, сондай-ақ айналасындағы жасыл желектерді күтіп ұстамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады .Атап айтқанда, аталған құқық бұзушылықтар бойынша жеке тұлғаларға - 73 840 тг(20 АЕК), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 110 760 тг(30 АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 147 680 тг(40 АЕК), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 369 200тг(100 АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылғандығын. ЕСКЕРТЕМІЗ !
♻️АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ!