🌿 ЖАСЫЛ ЕЛ – ТАЗА БОЛАШАҚ КЕПІЛІ! 🌿
Қызылтөбе ауылдық округінде «Жасыл ел» жастар жасағы жазғы еңбек маусымын бастап, өз жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда.
Жастарымыз туған өлкені көркейту, абаттандыру және тазалық сақтау бағытында белсенді еңбек етуде.
✅ Аумақты қоқыстан тазарту
✅ Көгалдандыру жұмыстары
✅ Қоғамдық орындарды абаттандыру – басты мақсат!
Бұл бастама – тек табиғатты қорғау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойына еңбекқорлық пен патриоттық рухты сіңіру жолы.
📢 Баршаңызды тазалық пен тәртіпке үндеуге шақырамыз!
Бірге болашақ үшін еңбек етейік! 🌱