Аудан және ауыл аумағындағы шаруашылықтар назарына!

Аудан және ауыл аумағындағы шаруашылықтар назарына!

Республикалық маңыздағы, аудан аралық, ауылішілік автомобиль жолдарында және пойыз темір жолдарында үй жануарларымен жол-көлік оқиғалары азаймауда. Бұл жағдай үй жануарларының қараусыз жайылымда жүруіне байланысты. Жол-көлік оқиғасы көбінесе түнгі мезгілде үй жануарларының жолға шығуы себепті орын алады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, түнгі уақытта малдарды көру үшін, оларға жарық шағылыстырғыш жолақтар тағуды немесе жарық шағылыстырғыш бояу жағуды сұраймыз.