Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар және алға қойған міндеттер мен жоспарлар туралы есебімді баяндауға рұқсат етіңіздер.
Маңғыстау облысы әкімінің, аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы тоқсан сайынғы тұрғындармен кездесуінде келіп түскен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды. Іс-шаралар жоспарының орындалысы мен Маңғыстау ауылы әкімі аппаратының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша келесідей баяндаймын.
2023 жылы тұрғындар тарапынан есеп беру кездесулерінде келіп түскен сұрақтар мен олардың орындалысына тоқталып өтсем.
2023 жылы есеп беру кездесуінде 12 сұрақ қойылды. Оның, басым көпшілік сұрағы орындалды, 2 сұрақ бақылауда тұр (Қосалқы шаруашылыққа арналған жер телімдеріне, тұрғын үй салынған жерлерге асфальт және жарықтандыру мәселесі және Маңғыстау ауылындағы көпқабатты №3-4 тұрғын үйлердің жанында орналасқан балалар ойын алаңын жөндеу мәселесі). Бақылауда тұрған сұрақтар кезең кезеңімен орындалатын болады.
2023 жылы Маңғыстау облысы әкімінің қатысуымен өткен есеп беру кездесуінде 31 сұрақ қойылды, Оның, басым көпшілік сұрағы орындалды, 3 сұрақ бақылауда тұр (Ауданға заманауи вокзал салу мәселесі, Көпқабатты ескі үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі және № 44 үй маңында балалардың ойын алаңын салу, үйдің алдындағы жолда автокөліктер көп жүретіндіктен, жасанды жол кедергісін салу мәселесі). Бақылауда тұрған сұрақтар кезең кезеңімен орындалатын болады.
2024 жылы есеп беру кездесуінде 15 сұрақ қойылды. Оның, басым көпшілік сұрағы орындалды, 3 сұрақ бақылауда тұр (Тұрғын массивтердің асфальт мәселесі, жарықтандыру мәселесі, Маңғыстау ауылындағы ескі көп пәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу мәселесі). Бақылауда тұрған сұрақтар кезең кезеңімен орындалатын болады.
2024 жылдың 10 айда атқарылған жұмыстар туралы
Қазіргі таңда, Айрақты тұрғын массивінің 4,4 шақырым жолдарына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты жүргізу мерзімі 2024-2025 жылдарға өтпелі кезеңмен жоспарланған.
Сонымен қатар, Айрақты тұрғын массивінің 2,3 шақырым автомобиль жолының құрылысын салу үшін, жобалық іздестіру жұмыстары жасақталуда. Жобалық іздестіру жұмыстары аяқталғасын 2025 жылға бюджеттік өтінім берілетін болады.
Сонымен бірге, тұрғын массивтердің ауылішілік жолдарына 5,2 шақырым автогрейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 01.12.2024 жылға дейін.
Бесшоқы және Шерқала тұрғын массивтерінің ауылішілік жолдарына орташа жөндеу арқылы 14,9 шақырымға асфальт жабындысын төсеу үшін, ағымдағы жылға бюджеттік өтінім берілді.
Шерқала т.ү.м (8,5 шақырымға 320, 9 млн теңге),
Бесшоқы т.ү.м (6,4 шақырымға 245,1 млн теңге)
Қазіргі таңда, Бесшоқы және Шерқала тұрғын массивтерінің ауылішілік жолдарына орташа жөндеу арқылы 14,9 шақырымға қаржысы бөлініп, конкурс жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты жүргізу мерзімі 2024-2025 жылдарға өтпелі кезеңмен жоспарланған.
Маңғыстау ауылы 22 орам және Ақеспе тұрғын массивінің ауылішілік жолдарына орташа жөндеу арқылы 1,5 шақырымға асфальт жабындысын төсеу үшін, келесі жылға бюджеттік өтінім берілді.
Ақ Еспе т.ү.м (1,1 шақырымға 41,6 млн теңге),
22 орам (485 метр 30 млн теңге),
Бесшоқы және Айрақты тұрғын массивтерге 1500 LED лампа ауыстырылды. Қазіргі таңда, Маңғыстау энерго МКК-ны Шерқала, Ақеспе және Бозжыра тұрғын массивтерге LED лампаларын ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Абаттандыру есебінен:
Ауыл тұрғындарының өтініштерін қанағаттандыру мақсатында, Бесшоқы тұрғын үй массивінен стрит воркаут және балалар ойын аланы орнатылып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, Футбол алаңы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 01.12.2024 жылға дейін.
Сонымен қатар, Шерқала тұрғын үй массивінен балалар ойын алаңы орнатылып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, стрит воркаут алаңының құрылысы жүргізілуде. Футбол алаңына конкурс жүргізілді. Алайда, мердігер мекеме өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін сотқа келсім шартты бұзуға талап арыз берілді.
Маңғыстау ауылында 13 қоқыс алаңдарына қоршау орнатылып, пайдалануға берілді.
Маңғыстау ауылына 2 шақырым тротуар төсеу үшін сметалық құжаттама жасақталып, бюжеттік өтінім берілген болатын. Қазіргі таңда, 22 орамнан емханаға дейін, 1 квартал мен 6 квартал аралығына дейін, Айрақты тұрғын массиві жайлы мектеп жанына тротуар төселіп пайдалануға берілді Сонымен қатар, Бесшоқы тұрғын массиві 8 орта мектеп жанына тротуар төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 01.12.2024 жылға дейін.
Маңғыстау ауылы 22 орамға 3 ойын аланы орнатылып, пайдалануға берілді.
Шерқала тұрғын массивіндегі саябақтың құрылысын аяқтау үшін сметалық құжаттама (48,4 млн теңгеге) қайта жасақталды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 80% пайызға аяқталды. Жұмысты аяқтау мерзімі – 10.11.2024 жылға дейін.
Маңғыстау ауылы №48 үй жанындағы кешенді балалар ойын және спорт алаңдарын орнату үшін, қаржысы бөлінді. Қазіргі таңда, Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 31.12.2024 жылға дейін.
Маңғыстау ауылы бойынша ауылдағы ескі көп пәтерлі 5 тұрғын үйлердің (№9, 11, 13, 14, 15) шатырлары мен қасбеттерін ағымдағы жөндеу, жаңғырту үшін (65,6 млн теңге,) және үш қабатты 6 тұрғын үйді (№20, 21, 22, 23, 24, 25) ағымдағы жөндеуге (132, 7 млн теңге) қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 01.12.2024 жылға дейін.
Сонымен қатар, №37, №38 үйлерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін (66,9 млн теңге ге,) қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 01.12.2024 жылға дейін.
Маңғыстау ауылының аумағында аялдамалар орнату үшін, қаржысы бөлінді. Қазіргі таңда, 12 аялдамалар орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – 20.12.2024 жылға дейін.
Маңғыстау ауылының автомобиль жолдарына жол белгілері орнатылуда. Жұмысты аяқтау мерзімі – 31.12.2024 жылға дейін.
Алға қойған міндеттер: