Ақтауда кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді. 22 қазаннан бастап жұмыс уақыты ұзарады.
Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.
Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырады.
Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Барлық басқа ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Еске сала кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО Ақтау қаласы бойынша Өнеркәсіптік аймақ 9, 57 -учаске мекенжайы бойынша орналасқан.