
2026 жылғы 16–17 қаңтар күндері Дәулет ауылдық округі аумағында қысқы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, 16.01.2026 ж. КДМ автокөлігімен инерттік материалдар шашылып, 1 погрузчик техникасының көмегімен қар күреу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қосымша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 техника жұмылдырылып, қар күрелді және КДМ автокөлігімен инерттік материалдар шашылды.
17.01.2026 ж. жол қозғалысы қауіпті саналатын бұрылыстарға 3 тонна топырақ шашылып, аталған жұмыстарға 1 «Газель» автокөлігі мен 5 қызметкер жұмылдырылды.
Ассенизаторлық көліктермен суларды тарту жұмыстары жүргізіліп, аталған жұмыстарға 2 көлік жұмылдырылды. Тартылған сулардың жалпы көлемі 120 куб.м құрады.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 500 метр аумақ тазаланды. Аталған жұмыстарға 4 қызметкер жұмылдырылды.