Аудан әкімі Баянды ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Баянды ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Қанат Құлжанов пен ауыл әкімі Бектұрлы Ыбраев Баянды ауылының тұрғындарымен жүздесті. Ауыл әкімі Бектұрлы Ыбраев атқарылып жатырған жұмыстарымен және жаңа жобалармен бөлісті.

Кездесу барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар негізінен елді мекендегі тазалық, жарықтандыру және газ мәселелерін көтерді.

Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңес берді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Баянды ауылындағы Су сору бекетіне барып, тұрғындарға ауыз су көлемін арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларымен танысты