8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Баянды ауыл клубында 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай “Анаға тағзым” мерекелік шарасы өтті.

Мерекелік шара аясында Баянды ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан нәзік жандыларға ауыл әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік кеште ауыл өнерпаздары өнерлерімен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.