Баянды ауылы Жастар саябағында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында саябақ аумағын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 100 түп ағаш отырғызылды.
Аталған шараға мектеп және балабақша қызметкерлері, Баянды ауыл клубының ұжымы, сондай-ақ ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, жалпы саны 80-ге жуық адам жұмылдырылды.
Сенбілік барысында қатысушылар аумақты тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндай игі бастамалар ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Тазалық – ортақ міндет, таза ауыл – жарқын болашақ!
⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.