БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

БАЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі Қанат Құлжанов пен ауыл әкімі Қадырбек Жексенбаев Баянды ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл әкімі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жаңа жобалар туралы баяндады.

Жиын барысында ауылдың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Тұрғындар тарапынан елді мекендегі жарықтандыру және газ бойынша мәселелер көтерілді.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, әрқайсысының мәселесі бойынша құқықтық кеңес берді.