7-сәуір Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күніне орай марапатталған Қалбаева Г.

7-сәуір Мемлекеттік қызмет көрсету  саласындағы қызметкерлер күніне орай марапатталған Қалбаева Г.

Баянды ауылы әкімі аппаратының бас маманы Қалбаева Гүлмира Сүйенішқызы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлының атынан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Аталған марапат – мемлекеттік қызмет көрсету саласында кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін жоғары деңгейде көрсетіп, халыққа сапалы қызмет ұсынуға қосқан үлесінің айғағы.

Қалбаева Гүлмира Сүйенішқызы өз қызметінде тиімділік пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алып, тұрғындардың сұраныстарына жедел әрі сапалы жауап беріп келеді.

⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.