Баянды ауылында ақ жаулықты әжелер күн сайын ерте тұрып, таза ауада серуендеп, дене шынықтыру жаттығуларын тұрақты түрде жүргізуді игі дәстүрге айналдырған.
Бұл бастама ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулықты нығайтуға бағытталған үлгілі іс болып табылады.
2026 жылғы 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Баянды ауылдық округінің әкімі Қадырбек Құдабайұлы аталған белсенді әжелердің еңбегін жоғары бағалап, алғыс хатпен марапаттады.
Аталған шара – тұрғындарды денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үндейтін және белсенді өмір салтын насихаттайтын маңызды қадам.
⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.