
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен татулықтың белгісі. Көктемнің шуақты мерекесі әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін.
Ауылымыз әрдайым өсіп-өркендеп, ынтымағы жарасқан, берекесі тасыған мекен бола берсін. Әр отбасыға амандық, денсаулық, бақыт пен табыс тілеймін. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен,
Баянды ауыл әкімі Қадырбек Құдабайұлы