
💐Құрметті аналар, аяулы арулар, ардақты қыз-келіншектер!
🌷Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен парасаттарыңыз, еңбектеріңіз бен төзімдеріңіз әрқашан құрметке лайық. Бүгінде ауылымыздың дамуына, елдің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келе жатқан барша нәзік жандыларға шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!
Ізгі ниетпен,
Баянды ауыл әкімі Қадырбек Құдайбайұлы.