МАҢҒЫСТАУ - БАЯНДЫ БАҒЫТЫНА АВТОБУСТАР БЕРІЛДІ
Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Тұрғындар тарапынан сұраныстың артуына байланысты, «Маңғыстау - Баянды - Маңғыстау» бағытындағы маршрут заманауи 5 дана «Yutong» маркалы автобустармен 100 пайызға жаңартылды. Аталған автобустар қызмет көрсетуші - жеке кәсіпкер Руслан Ахметнабиевтің қаражаты есебінен сатып алынып, пайдалануға берілді.
Жаңа техникалар жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай жабдықталған. Жаңа автобустар Баянды ауылы мен аудан орталығы - Маңғыстау ауылы арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Аудан әкімі өз сөзінде:
- Қоғамдық көлік паркін жаңарту - өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Жыл соңына дейін аудандағы барлық бағыттар бойынша автобустарды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр, - деп атап өтті.
Аталған бағыт бекітілген сызбаға сәйкес, Маңғыстау ауылындағы ХҚКО аялдамасынан басталып, соңғы нүкте - Баянды ауыл әкімшілігі ғимараты жанындағы аялдамаға дейін қатынайды. Қызмет көрсетуші - жеке кәсіпкер «Ахметнабиев Р.С».