Волейболдан жетістік

Волейболдан жетістік

Волейболдан 2007 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатының Мұнайлы аудандық іріктеу жарысында Баянды ауылының командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Команда құрамында Баянды ауылының жастары өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар Тынысбай Мейіржан мен Сағынов Нұртас алдағы Маңғыстау облысының чемпионатында Мұнайлы ауданының намысын қорғайтын болады.

Команданы жарысқа дайындаған жаттықтырушылар:
Медетов Еркін, Усенов Муратбай.

Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!