Әкім қабылдауы

Әкім қабылдауы

Ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында Қадырбек Құдабайұлы жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Қадырбек Құдабайұлы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заңнама аясында түсіндірмелер берді. Бірқатар мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеліп, кейбір өтініштер бақылауға алынды.