Баянды ауылының әкімі Қ. Жексенбаев ауылдың ақсақалдары мен қоғамдастық мүшелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Баянды ауылының әкімі Қ. Жексенбаев ауылдың ақсақалдары мен қоғамдастық мүшелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

Құттықтау барысында елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауда, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде ақсақалдардың атқарып отырған рөліне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, алдағы жылы әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, молшылық пен береке тілеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ақсақалдардың ақ батасы әрдайым демеу болатынын атап өтті.