Бейнебақылау камералары іске қосылды

Бейнебақылау камералары іске қосылды

 

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдың барлық негізгі көшелері мен қоғамдық орындарына бейнебақылау камералары орнатылып, толық көлемде іске қосылды.

Аталған шара құқықбұзушылықтың алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылауды күшейтуге бағытталған.

Бейнебақылау жүйесі тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.

⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.